Астанада тұратын ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне 150 000 теңгеден алады

Фотография - Астанада тұратын ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне 150 000 теңгеден алады

Қазір қалада тұратын 292 - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне 150 000 теңгеден төленеді

181 0

Астанада тұратын ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне 150 000 теңгеден алады деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Қазір қалада тұратын 292 - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне 150 000 теңгеден төленеді. Ал, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендер – 1871адам 20 000 теңгеден алады», -делінген хабарламада.


Басқа да санаттағы азаматтарға – тыл еңбеккерлері,қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен отбасыларына 10 000 теңге көлемінде көмек көрсетілетін болады.


9 мамырға жергілікті бюджеттен барлығы бір реттік 137 090 000 теңге әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.


«Бүгінгі күні елордада тұратын барлық Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлер мен мүгедектер пәтермен толық қамтылған. Сонымен қатар, мерекелердегі бір реттік төлемдерден басқа, ардагерлерге басқа да әлеуметтік көмек түрлері, атап айтқанда, амбулаториялық емделу кезінде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету; қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүру; санаториялық-курорттық ем алулар; мерзімдік басылымдарға тегін жазылу; тегін тіс протезін салу мен басқа да қызметтер көрсетіледі»,-деп атап көрсетілген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!