Мәжіліс Бюросы палата отырысының күн тәртібін бекітті

Фотография - Мәжіліс Бюросы палата отырысының күн тәртібін бекітті

Бүгін Мәжілісте спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросының отырысы болып өтті

151 0

Бүгін Мәжілісте спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросының отырысы болып өтті.

Онда алдағы уақытта өтетін Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі қаралды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро шешіміне сәйкес, палатаның қарауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылатын болды. Сонымен бірге депутаттар  «2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылайды. Күн тәртібіне Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Ауғанстаннан Қазақстанның аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісім шығарылады.

Бұдан бөлек, палата депутаттары Үкіметтің  және  Есеп комитетінің 2012  жылғы  республикалық бюджеттің  атқарылуы туралы есептеріне қорытынды әзірленетін күнді нақтылайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!