Мұрат Телібеков Сейітқазы Матаевқа жаңа есім қоюды ұсынды

Фотография - Мұрат Телібеков Сейітқазы Матаевқа жаңа есім қоюды ұсынды

Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевқа Алматының ескі атауын қайтарамын деп әуреленгенше, алдымен өз есімін өзгертуді ұсынды

179 0

Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевқа Алматының ескі атауын қайтарамын деп әуреленгенше, алдымен өз есімін өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Total.kz.

«Егер бізге ұлттық тарихымыздың элементтерінен бас тарту керек болса, онда сол бастаманың иесі жеке басына қатысты элементтерден де бас тартқаны абзал. Сонда ғана Алматы атауын өзгерту бастамашыларының ұсынысы көңілге қонымды болады» - дейді Мұсылмандар одағының басшысы.

- Егер, бұл амал жүзеге асар болса, Сейтқазы Матаевтың жаңа есімін де анықтап қойдық, - дейді ол. Яғни, «Нұр-Сейіт Матай-әл-Өс Алтай ибн President of Press-Club ибн Ел Tiлшiлер Басы» болғаны ләзім.

Телібековтің ойынша, мұсылман есімі азаматтың аты-жөніне қатысты қызмет атқарып қана қоймауы керек. Кісінің туған жері мен шыққан тегін, әуестігін (хобби), ұлтын, саяси наным-сенімімен қоса, психологиялық ерекшеліктерін де паш етуі тиіс көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!