Ирландия билігі Әблязов серіктестерінің ізіне түсті

Фотография - Ирландия билігі Әблязов серіктестерінің ізіне түсті

Олар Әблязовтың серіктес компаниялары қызметін тексеріп жатыр

117 0

Ирландия билігі Мұхтар Әблязовтың серіктестерінің ізіне түсті. Олар Әблязовтың серіктес компаниялары қызметін тексеріп жатыр, деп хабарлайды The Irish Times газеті. 

Ирландия азаматтары Филипп Барвелл, Эрик Ванагелсь, Юрий Витман және Латвия азаматы Стэн Горин офшорлық жүйені құрушылар. Қазір осы адамдарды Қазақстан, Украина мен Латвияның құқық қорғау органдары тергеуде. Нақтырақ айтқанда, Горин мен Ванагелсь басқарған компаниялар БТА банк қаржысын шетел асыруға көмектескен. Журналист-зерттеушілердің халықаралық консорциумы таратқан мәлімет бойынша Әблязов 2006, 2007 жылдары Британ Виргин аралдарында 31 оффшорлық компания құрған. Қазір ол Қазақстандағы БТА банкінен 5 миллиард АҚШ долларын жымқырғаны үшін айыпталуда. 2009 жылдан бері елден қашып, бой тасалап жүрген алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!