Қазақстандық сенаторлар АҚШ-қа барады

Фотография - Қазақстандық сенаторлар АҚШ-қа барады

6-10 мамырда Палата Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы жұмыс бабындағы сапармен Вашингтон және Нью-Йорк (АҚШ) қалаларына барады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

110 0

Сапар Қазақстан-Америка парламентаралық байланыстарын нығайту, сондай-ақ Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы бастамасы бойынша шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығы аясында өткелі отыр.

Сапар барысында қазақстандық сенаторлар Александр Судьин, Серік Ақылбай және Хусаин Валиев АҚШ парламентшілерімен және Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесетін болады.

Вашингтонда сенаторлар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуына қатысады.

Сондай-ақ қазақстандық сенаторлар Нью-Йорк қаласында АҚШ-тың діни қайраткерлерімен және БҰҰ Өркениеттер альянісінің Жоғарғы өкілі Насир ан-Насермен кездеседі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!