Қазақстанда тұңғыш рет әйел заты генерал погонына ие болды

Фотография - Қазақстанда тұңғыш рет әйел заты генерал погонына ие болды

Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйел заты – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал погонын алды

648 0

Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйел заты – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал погонын алды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. 

 

«7 мамыр күні менің жарлығыммен елдің ең лайықты азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырылады. Мен сіздерді бүгін Қазақстанның Қарулы күштері, құқық қорғау органдары және арнайы қызмет қызметкерлеріне кезекті әскери және арнайы атақтар тапсыру үшін шақырдым. Өйткені сіздер патриотизмнің және Отанға қызмет етудің үлгісі болып саналасыздар. Бүгін сіздер жоғары атақтарға ие болдыңыздар. Өз міндеттеріңізді адал атқарып, барлық өзге де қызметкерлерге үлгі болыңыздар. Бұл сіздер үшін, сіздердің жақындарыңыз бен отбасыларыңыз үшін қуанышты оқиға», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Сәуле Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген.

1977 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі.

1978 жылы - Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисті.

1979-1983 жылдары - Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті.

1983 жылы - Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері.

1984 жылы - Целиноград қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі.

1985 жылы - Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры.

1988 жылы - Ақмола облысы прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурорының көмекшісі.

1992 жылы - Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры.

1996 жылы - Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры.

1997 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы.

1998 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары – Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы.

1999 жылы - ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды.

2001 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары.

2003 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасыныңорынбасары.

2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері»(2001)атағы бар,«Ерен еңбегі үшін»(2005), «Астананың 10 жылдығы»(2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!