Халықтың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр

Фотография - Халықтың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр

Бүгін Ақордада бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік награда табыс ете отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

175 0

Бүгін Ақордада бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік награда табыс ете отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстанның тұрақтылығы мен еліміздің амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет екені белгілі. Осының барлығы сіздерде бар деп ойлаймын», - деп атап өтті Президент.

«Менің Жарлығыммен 7 мамыр – мемлекеттік деңгейде Отан қорғаушылар күні болып бекітілді. Осынау маңызды мерекені біз ертең атап өтеміз және қалыптасқан дәстүр бойынша Қарулы күштердегі, құқық қорғау органдары мен арнайы органдардағы жұмысында ерекшеленген адамдарды марапаттағалы отырмыз. Олардың барлығы бұл награданы табанды еңбектері, Отанға деген адал қызметі үшін алып отыр», - дей келе, Мемлекет басшысы әскерилер алдағы уақытта да осы беттерінен қайтпайды деген сенімін жеткізді.

«Сіздер осынау абыройлы атаққа қол жеткізіп отырсыздар. Сіздер алдағы уақытта да патриоттық пен ептілік таныта отырып, Отанға адал қызмет етеді дегенге сенемін. Сіздер өздеріңізді әскери өмірге арнадыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт тілеймін», - деді құттықтауын арнай келе Елбасы.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!