6 Мамыр 2013, 15:56 «Эйр Астана» компаниясы Қазақстанға алғашқы «Эйрбас-А320» реактивті әуелайнерін әкелді

Фотография - 6 Мамыр 2013, 15:56 «Эйр Астана» компаниясы Қазақстанға алғашқы «Эйрбас-А320» реактивті әуелайнерін әкелді

Бүгін «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флоты қанаттардың инновациялық ұштары-«шарклеттермен»  жабдықталған.жаңа Airbus A320 лайнерімен толықты.

223 0

Бүгін «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флоты қанаттардың инновациялық ұштары-«шарклеттермен»  жабдықталған.жаңа Airbus A320 лайнерімен толықты. Ол ұлттық тасымалдаушының Airbus концернінен сатып алған Airbus A320 тобының 6 әуе кемесінің бірі болып табылады. Ұшақтарды сатып алу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде жасалған болатын. Тікелей зауыттан әкелінген тұнғыш меншікті әуелайнер «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флотының құрамына 2012 жылы енген еді.

«Эйр Астана» компаниясы ТМД-да шарклеттермен жабдықталған А320 ұшақтарын  пайдаланатын алғашқы әуекомпаниялардың бірі болды. Жаңа ұшақ Астана, Ақтау, Киев, Ыстамбұл, Абу-Даби және әуекомпанияның маршруттық желісінің өзге бағыттарына қатынайды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, биіктігі 2,4 м. «шарклеттер» ұшақтардың экономикалық тиімділігі мен пайдалы жүктелімін  арттыру үшін әзірленген. Ол  ұшу аралығын  200 шақырымға дейін ұзартуға және пайдалы жүктелімді 450 келіге  көбейтуге, сондай-ақ отын шығынын 4 пайызға  қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бір ұшақ үшін көміртек қос қышқылы шығарылуын жылына 1 тоннаға азаюына тең. Жаңа Airbus A320 - тарфюзеляжды ұшақ тобына жатады және шағын әрі орта қашықтағы бағыттарға арналған.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!