ҚР Білім және ғылым министрі Алматыда ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Фотография - ҚР Білім және ғылым министрі Алматыда ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Алматыда Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ауған соғысының жауынгерлеріне және Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушыларға құрмет көрсету салтанаты өтті.

171 0

Іс-шараға қатысушыларды Ұлы Жеңіс күнімен ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов құттықтады. Өзінің құттықтауында ол ардагерлерге ашық аспан, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Онымен қоса, шараға шақырылған азаматтардың барлығына ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділовтың бұйрығымен біржолғы ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ мерекелік дастархан әзірленді.

Жеңіс мерекесі тақырыптық концертке ұласты - әскери әндер, қойылымдар мен билер орындалды.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!