Қазақстандағы тұңғыш жауынгерлік кеме өз қуатын паш етті

Фотография - Қазақстандағы тұңғыш жауынгерлік кеме өз қуатын паш етті

Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жауынгерлік парад барысында Каспий теңізіндегі "Казақстан" ракеталық-артиллериялық кеменің ұрыс жүргізу тәсілдері тікелей монитордан көрсетілді

219 0

Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жауынгерлік парад барысында Каспий теңізіндегі "Казақстан" ракеталық-артиллериялық кеменің ұрыс жүргізу тәсілдері тікелей монитордан көрсетілді.

Онда шартты теңіз нысанынан 20 шақырым қашықтықта жауынгерлік кемелер шоғырландырылды. Оны жою үшін «Қазақстан» кемесінің ракеталық кешенінен соққы жасау шешімі қабылданды.

«Қазақстан» - бұл отандық кәсіпорында жасалған бірінші жауынгерлік кеме. Кеме заманауи іздеп табу, байланыс және навигация жүйесімен жабдықталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!