Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)

Фотография - Еліміздің Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтті (фото)

Кеше «Отар» 40-шы әскери базасында мемлекеттік мереке Отан Қорғаушылар Күніне арналған Жауынгерлік парад өткізілді

378 0

Кеше «Отар» 40-шы әскери базасында мемлекеттік мереке Отан Қорғаушылар Күніне арналған Жауынгерлік парад өткізілді. Қазақстанда және Қарулы Күштері тарихында жүзеге асырылған тұңғыш парад ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Елбасына әскерлердің парадты өткізуге дайын екендігі жөнінде Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев баяндады.

Өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық» деп қазіргі Қарулы Күштердің жағдайына сипаттама берді.

Президенттің Қарулы Күштер дамуының деңгейі туралы сөзін дәлелдеу үшін және биыл Отан қорғаушы күні Қазақстанда бірінші рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілуіне байланысты әскери қызметшілер түрі мен мазмұны жағынан ерекше парад өткізуді жоспарлап оны іске асырды. Мұндай парад тек Қазақстанда ғана емес ТМД елдерінде де ешқашан өткізілген емес.

Жалпы дәстүрлі әскери парад кез келген армияның дайындығының құрамдас бөлігі болып саналады. Онда жеке құрамның саптық дайындығы мен қару-жарақ үлгілері көрсетіледі. Бүгінгі Жауынгерлік парадтың  ерекшелігі мұнда сарбаздар мен офицерлердің жауынгерлік дағдысы мен кәсіби шеберліктерін көрнекі түрде көрсетіп, Қазақстан армиясында қолданылатын заманауй қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мүмкіндігін шынайы түрде жүзеге асыру болып табылады. әскерлер мен әскери техника алаңдарда салтанатты жағдайда сап түзеп өтеді. Әдеттегі парадтан Жауынгерлік парадтың айырмашылығы мұнда әскерлердің іс-қимылы қару-жарақ пен әскери техниканың жеке құрамның: мотоатқыштардың, танкистерлің, артитллеристердің, десантшылардың, теңізшілер мен барлаушылардың кәсіби шеберлігі көрсетіледі.

Құрлық әскерлері мен Әуеқорғанысы күштері шынайы ракеталар жіберіп, бомба тастауды және қарудың барлық түрінен жауынгерлік атыстардың  орындалғандығын көрсетті. 

Майдандық және армиялық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе ұрыстарын жүргізді. Ең шебер ұшу өнерінің тәсілдерінен шеберліктерін «Жетісу» және «Сұңқар» топтары көрсетті.

Жауынгерлік шеруге қазақстандық ӘӘК қолданысына алғаш рет түскен «Airbus Military» С-295 шығарған турбиналы-винттік ұшақтар қатысты. Ол әуе десантын түсіруді жүзеге асырды, сонымен қатар ұшақты тегістелген жерге жасалған ұшып-қону жолағына қондыру мүмкіндіктерін көрсетті.

Жаттығуларда ӘҚК әуегеқарсы қорғаныс қабылетін С-125 зенитті-зымыранды кешені таныстырады. Иммитациялық әуе нысаналарына басқарылатын зенитті ракеталарды ұрыстық тұрғыда бағыттау іске асырылды.

Жауынгерлік парадта Ракета мен артиллерия әскерлері маңызды орын алды: «Точка-У» тактикалық ракеталық кешені, «Град» пен «Прима», МСТА-Б және Д-30 гаубицалары,«Солнцепек» ауыр отшашу жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы ракеталық кешені және басқа қарулар өз мүмкіндіктерін аңғартты.

Жауынгерлік парад барысында Құрлық әскерлерінің  доңғалақты және шынжыр табанды әскери техникалары: Т-72Б танкі, БТР-82А бронетранспортері, танкілерді сүйемелдейтін жауынгерлік машиналар БМПТөздеріне қойылған тапсырманы мүлтіксіз орындады. Арнайы мақсаттағы жасақтың тобы «Кобра» мен «Хаммер» жауынгерлік машиналарына мініп тапсырмаларды іске асырды.

Шеру есептоптарының құрамына Қарулы Күштер бөлімшелері, әскери оқу орындары, сонымен қатар ІІМ Ішкі әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Республикалық ұланның рәсімдік батальоны енгізілді.

Жауынгерлік шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер,  400 бірліктен аса әскери техникалар, 80 аса ұшақтар мен тік ұшақтар қатысты.

Жауынгерлік парадтың жалғасында Н.Назарбаев Қорғаныс министрі  Әділбек Жақсыбековпен және Қарулы  Күштер генералитеті өкілдерімен бірге отандық кәсіпорындар ұсынған жаңа жетілдірілген әскери техникалардың үлгілерін қарап көрді. Қару-жарақ көрмесін «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін қорғаныс өнеркәсібі кешенікәсіпорындары ұйымдастырды.

Мемлекет басшысына екі ұдайы мақсаттағы әскери және азаматтық арнайы техникалар оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожүйелік станциялар, қар батпақта жүретін «Тұлпар» машинасы, қазақстанда құрастырылған EC-145 тікұшағы, ұшқышсыз ұшу аппараттары басқа да қару-жарақ пен техника түрлері және киім үлгілері ұсынылды.

Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш өткен Жауынгерлік парад еліміздің барлық мемлекеттік телеарналарында тікелей эфир арқылы көрсетіліп, республика жұртшылығы Отан қорғау күзетіндегі Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік әзірлігінің жоғары деңгейде екендігін өз көздерімен көріп, сезінді.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!