«Нұр сұңқар» байқауының жеңімпаздарын қомақты жүлде күтеді

Фотография - «Нұр сұңқар» байқауының жеңімпаздарын қомақты жүлде күтеді

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин айтты.

186 0

«Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен өткелі отырған «Нұр сұңқар» конкурсының жүлдесі алдыңғы байқауларға қарағанда өте қомақты болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин айтты.

«Байқауды өткізген алдыңғы жылдармен салыстырғанда, биылғы жүлде өте қомақты болады», - деген Ерлан Қарин барша журналистерді, әсіресе, аймақтық журналистерді белсенді болуға шақырды.

«Барлық журналистерді, әсіресе, өңірлерде қызмет етіп жүрген ақпарат құралдарының өкілдерін байқауға қатысуға шақырамын. Байқау арқылы шығармашылықтарыңызды танытыңыздар. Әрі «Нұр сұңқар» конкурсы журналистердің кәсіби мерекесі алдында бас қосып, пікір алмасуына мүмкіндік беретін шара екенін айтқым келеді», - деді өз сөзінде Е.Қарин.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!