Түркіменстан Қазақстанды өзінің басымдықты әріптесі ретінде қарастырады

Фотография - Түркіменстан Қазақстанды өзінің басымдықты әріптесі ретінде қарастырады

Түркіменстан Қазақстанды өзінің басымдықты әріптесі ретінде қарастырады.

133 0

Түркіменстан Қазақстанды өзінің басымдықты әріптесі ретінде қарастырады.

Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінен кейін БАҚ үшін бірлескен мәлімдеме жасау барысында осылай деді.

Бүгінгі келіссөздер Түркіменстан мен Қазақстанның бауырлас екі халық қарасындағы тату көршілік байланыстардың үздіксіз нығаюы үстінде екендігін қуаттай түскендігін баса айтқан Г.Бердімұхамедов: «Біз  Қазақстан тең құқылы әрі өзара тиімді ұстанымдар негізінде қарқынды әрі тұрақты дамып келе жатқан қарым-қатынасымыздың ахуалын жоғары бағалайтындығымызды атап өткім келеді. Біздің өзара сауда айналымымыз үздіксіз артуда, мәдени, ғылыми, гуманитарлық және басқа да салалардағы байланыстарымыз кеңеюде. Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымымызға ерекше мән береміз, оны өзіміздің басымдықты әріптестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз, мен мұны баса айтқым келеді», - деді.

Түркімен басшысының атап өтуінше, өйткені екі елді ғасырларға ұласқан тату көршілік, ортақ мәдениет пен тіл байланыстырып отыр.  Сонымен қатар Түркіменстан бұл баға жетпес құндылықты сақтауға әрі бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін жаңа мазмұнмен толықтыра түсуге ниетті.

Г.Бердімұхамедовтың айтуынша, бүгінгі келіссөздер барысында екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды реттеу, Каспий пен Арал теңізін құтқарудағы өзара іс-қимылдар сынды барынша өзекті мәселелерде өзара түсіністік танытатындығын тағы бір мәрте қуаттай түскен.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!