Қазақстандық сенаторлар АҚШ-қа сапар аясында бірқатар кездесулер өткізді

Фотография - Қазақстандық сенаторлар АҚШ-қа сапар аясында бірқатар кездесулер өткізді

Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің 10 жылдығы аясында өтіп отыр. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды

167 0

Сенат Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты делегациясының Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс бабындағы сапары өтуде.

Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің 10 жылдығы аясында өтіп отыр. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сапар аясында Вашингтонда сенаторлар Александр Судьин, Серік Ақылбай, Хусаин Валиев және ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф АҚШ парламентшілерімен және АҚШ Мемлекеттік Департаменті өкілдерімен жүздесті. Атап айтқанда, сенатор Джон Ховенмен, Джефф Флейкпен кездесулер болып өтті. Сонымен қатар,  А.Судьин конгрессмен, Өкілдер палатасындағы Демократиялық азшылық партиясының басшысы Ненси Пелосимен, конгрессмендер Кевин Крамермен, Эни Фалеомаваегамен, Дана Рорабакермен, Майк Хонда және Грегори Микспен жүздесті. Мемлекеттік департаментте делегация мүшелері АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Роберт Блейкпен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам және еңбек құқықтары жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушысы Узра Зеямен де кездесті.

Бұндай жүздесулер барысында ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, экономикалық даму, демократиялық құндылықтарды ілгерілету секілді маңызды мәселелер талқыланды.

Сапар аясында Вашингтонда Қазақстанда дәстүрге айналған Әлемдік діндер съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Аталған шараға АҚШ Өкілдер палатасы Халықаралық қатынастар комитетінің тең төрағасы Илиана Рос-Лехтинен бастаған бірқатар конгрессмендер қатысты.


Тегтер:

іс сапар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!