Қазақстан мен Түркіменстан Президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Фотография - Қазақстан мен Түркіменстан Президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейін бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

210 0

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейін бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

    Бұдан бөлек, екіжақты кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Түркіменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары-Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі ведомство арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға, сондай-ақ 2013-2014 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы бағдарламаларға қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы мен Түркіменстан ғылым академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұндай ынтымақтастық туралы хаттамаға «Қазақстан темір жолы» ҰК басшысы мен Түркіменстан теміржол көлігі министрі арасында да қол қойылды.

Келешекте Түркіменстан-Қазақстан-Қытай газ құбырының қуатын 60 млрд. текше метрге жеткізу көзделеді.

«Ынтымақтастықтың негізгі түріне келсек, бұл энергетика саласындағы ынтымақтастық болмақ. Түркіменстаннан Қазақстан арқылы Қытайға жеткізілетін газ тасымалдау жүйесінің бүгінгі қуаты 40 млрд. текше метрді құрайды. Болашақта бұның өткізу қуатын үшінші желіде 60 млрд. текше метрге жеткізу қарастырылады. Бұл экспорттық жолдарды іздестіріп, энергетиканы әртараптандырып жатқан біздің елдеріміз үшін аса маңызды», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі таңда Жезқазғаннан Ақтау қаласына дейінгі аралықты қосатын теміржол құрылысы салынып жатқанына да тоқталып өтті. Президенттің айтуынша, бұл жаңа теміржол жобасы Түркіменстанның Қытай нарығына шығуына, сондай-ақ «Қорғас» мемлекетаралық орталығына қатысуға зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін Түркіменстан да пайдалана алатынын жеткізді. Бұдан бөлек, Н. Назарбаев Каспий теңізі арқылы жүзеге асатын ынтымақтастыққа да назар аударды. Мәселен, Түркіменбашы қаласынан Ақтау қаласына дейін су көлігі арқылы жүк тасымалын ұйымдастыру да елдер үшін аса маңызды бағыт болмақ. «Бүгінгі шара ертең Ақтау қаласында жалғасады. Бұл біздің бауырлас мемлекеттеріміздің саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болмақ», - деді Н. Назарбаев.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!