Ертісбаев Грузия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Фотография - Ертісбаев Грузия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі

167 0

Тбилисиде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев Грузия Президенті Михаил Саакашвилиге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Рәсімнен кейінгі өткен әңгіме барысында грузин көшбасшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл орайда Ұлт көшбасшысының қазіргі Грузияның дамуындағы рөлін ерекше атап өтті: Қазақстан Президенті «оның тарихындағы ең күрделі кезеңдерде көмек көрсетті, грузин халқы мұны ешуақытта ұмытпайды».

М.Саакашвили біздің еліміздің теңдестірілген сыртқы саясатының табысты екенін, атап айтқанда 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммиті, сондай-ақ жақында ғана Алматыда ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер табысты өткенін атап көрсетті.

Өз тарапынан Е.Ертісбаев Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына назар аударып, тараптар оның жақсы нәтижелерін атап өтті. Бұл орайда қазақстандық дипломат Астана мен Тбилисидің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылын тереңдетуге және кеңейтуге жаңа серпін берудің маңызына баса көңіл бөлді.

Сұхбаттасушылар сондай-ақ қазақстан-грузин ынтымақтастығын одан әрі дамытудың жоғары әлеуеті мен оң перспективаларын атап өтті. Қорытындысында Грузия Президенті өз елінің беделді делегациясының осы жылғы 22-24 мамыр күндері Астана экономикалық форумына қатысуын қолдады. 


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!