ҚР БҒМ «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар үшін шарттарды өзгертті

Фотография - ҚР БҒМ «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар үшін шарттарды өзгертті

 «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толды. Жыл сайын мемлекет жастардың алған озық білімдерін ел игілігіне пайдалану мақсатымен мыңдаған студентті шет елдерге оқуға аттандыруда.

322 0

 «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толды. Жыл сайын мемлекет жастардың алған озық білімдерін ел игілігіне пайдалану мақсатымен мыңдаған студентті шет елдерге оқуға аттандыруда.

Шетелде білім алу мүмкіндігін бүгінде тоғыз мыңнан астам қазақстандық пайдаланып үлгерді. Бірақ араларында Қазақстанға оралудан бас тартқандар да табылуда.

Мүмкін дәл солар үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі танымал бағдарлама бойынша оқуға түсу шарттарын өзгерткен болу керек. Ендігіде, мемлекеттің қаржысына шет елге оқуға өз елінде еңбек етіп үлгергендер ғана баратын болады. Бұл туралы ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Ғалия Досмұхамедова мәлім етті.

«Болашақ» стипендиаты өзінің жұмыс берушімен және Халықаралық бағдарламалар орталығымен үшжақты келісім жасауы тиіс. Келісімнің шарттары бойынша жұмыс беруші стипендиат еліне оралғанға дейін оның жұмыс орнын сақтап қалады. Осылайша, «Болашақ» түлегі елге оралғаннан кейін жұмысын қайта жалғастыра алады.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!