VI Астана экономикалық форумы шеңберінде Мемлекеттік қызметке қатысты Жаһандық конференция өтеді

Фотография - VI Астана экономикалық форумы шеңберінде Мемлекеттік қызметке қатысты Жаһандық конференция өтеді

Конференция шеңберінде мемлекеттік қызметті жаңашаландыру, мемлекеттік қызметте білімді басқару, аймақтық әріптестік арқылы мемлекеттік қызметті тұрақты дамыту мәселелеріне бағытталған үш панелді сессиясы өтетін болады

152 0

 22 мамыр күні Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі, БҰҰ Даму бағдарламасы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметті жаңғырту: тұрақты даму мақсатында тиімділікті арттыру» атты Жаһандық конференциясы өткізіледі.

Конференция шеңберінде мемлекеттік қызметті жаңашаландыру, мемлекеттік қызметте білімді басқару, аймақтық әріптестік арқылы мемлекеттік қызметті тұрақты дамыту мәселелеріне бағытталған үш панелді сессиясы өтетін болады. Сессиялар жүргізушілері мемлекеттік қызмет саласындағы танымал сарапшылар, атап айтсақ: АҚШ-тың Жалақы бойынша федералдық кеңесінің Төрағасы Стив Кондри, Халықаралық әкімшілік ғылымдар институтының Бас директоры Ролет Лоретан және БҰҰ ДБ-ның Еуропа және ТМД елдеріндегі Братиславтық аймақтық орталығының мемлекеттік басқару саласындағы демократиялық тәжірибе көшбасшысы Анни Демиржан.

Конференцияда әлемдік сарапшылар баяндама жасайды, соның ішінде Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі директоры (2005-2011), тәуелсіз кеңесші Суквиндер Сингх Чопра, АҚШ-тың Мемлекеттік қызмет персоналын басқару кеңсесі жанындағы Басқарушылардың біліктілігін арттыру федералдық институтының (FEI) факультет деканы Мэтью Стаффорд және БҰҰ-ның мемлекеттік басқару саласында ақпараттық желілерді басқару департаментінің үйлестірушісі Дениз Сусар.

Конференция жұмысында мемлекеттік қызмет саласындағы Әзірбайжан, Ауған, Грузия, Қырғыз және Тәжік елдерінің құзіретті мемлекеттік мекемелер басшылары, сонымен қатар, Татарстан Республикасы Президенті аппаратының басшылығы қатысады.

Жаһандық конференция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мен мемлекеттік қызмет саласында құзіретті шетелдік мемлекеттік мекемелер арасында Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!