Қазақстан Канаданы экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды

Фотография - Қазақстан Канаданы экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды

Оттавада Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Канаданың Қоршаған ортаны қорғау министрі Питер Кентпен кездесті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

382 0

Оттавада Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Канаданың Қоршаған ортаны қорғау министрі Питер Кентпен кездесті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіншіліктерін талқылады. Елші К.Жигалов министр П.Кентті осы саладағы қазақстандық бірқатар бастамалармен, соның ішінде, «Жасыл көпір», ЭКСПО-2017 жайында хабардар етіп, канадалық тарапты аталмыш жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

Кездесу барысында ҚР АШМ өкілдерінің 2012 жылғы қазанда Альберта провинциясына жасаған орман өрттеріне қарсы тұру, ормандарды қорғау және  көшеттер отырғызуда өзара тәжірибе алмасу жайы  қарастырылған  сапары ерекше аталынды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстандағы экология бағытындағы канадалық компанияларымен 2007-2011 жылдары «Қазцинк» АҚ компаниясымен бірге Өскемендегі күкірт қышқылы цехын қайта жаңғырту бойынша жобаны іске асырған «SNC-Lavalin» үлгісіндегі ынтымақтастыққа да тоқталып өтті. Бұл жоба мемлекетіміздің ұлттық заңнамасына сәйкес залалды заттардың шығарылу көлемін азайтуға мүмкіндік берді.

Елші қазақстандық тараптың канадалықтардың қоршаған орта саласындағы тәжірибесін әрі қарай зерттеуге деген қызығушылығын растады.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!