Машкевич әлемнің ең бай еврейлерінің тізіміне енбеді

Фотография - Машкевич әлемнің ең бай еврейлерінің тізіміне енбеді

Израиль азаматы миллиардер Александр Машкевич Forbes жасаған әлемнің ең бай еврейлерінің тізіміне енбеді.

262 0

Израиль азаматы миллиардер Александр Машкевич Forbes жасаған әлемнің ең бай еврейлерінің тізіміне енбеді.

«Forbes-тың ағылшын нұсқасы Александр Машкевичті 2013 жылдың наурыз айында 2,1 миллиард долларымен ең бай Израиль азаматтарының қатарына қосып, 9 орынды бергенімен, рейтинг жасаушылар  оны бай еврейлердің қатарына қоспады. Неліктен Израиль басылымының оны еврейлер қатарына қоспағаны белгісіз»,-деп мәлімдеді портал.

Әлемнің ең бай еврейлерінің қатарына украиналық Петр Порошенко мен татар Ринат Ахметов енгізілген болатын. Алайда, екі миллиардердің баспасөз-қызметтері басылымға ресми түрде хабар жолдап, есімдерін тізімнен алып тастауды талап етіпті. Бұған дейін алғашқы тізімен Өзбекстан азаматы Әлішер Усманов та өшірілген болатын.

Айта кету керек, бүгінде миллиардер Александр Машкевич Еуро-Азия еврейлер конгрессін басқарып, Израильде қайырымдылықпен айналысып келеді.


Тегтер:

машкевич

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!