Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді

Фотография - Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді

2014 жылы Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді

219 0

2014 жылы Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда өтетін әлем чемпионаты 10-шы мерейтойлық дода болып табылады. Ал мұндай ірі бәсекенің Қазақстанда өтуі еліміздегі төтенше жағдайлар министрлігі спортшылары беделінің халықаралық деңгейде артып келе жатқанын білдіріп отыр. «Мәселен, былтырғы жылы Көкшетау техникалық институтының құрама командасы Болгарияда студенттер арасында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлемдік біріншілікте жалпы командалық есепте үшінші орынға қол жеткізді», дейді В. Божко.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!