Күзде Қазақстанға Испанияның Премьер-министрі келеді

Фотография - Күзде Қазақстанға Испанияның Премьер-министрі келеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың брифингі барысында белгілі болды.

110 0

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Испанияға тұңғыш ресми сапары басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың брифингі барысында белгілі болды.

«Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Испания Корольдігіне тұңғыш ресми сапарын бастады. Ресми сапар барысында Ерлан Ыдырысов Испания Королі Хуан Карлос І, осы елдің қос палатасының төрағасы және елдің сыртқы істер министрімен екіжақты келіссөздер өткізеді. Келіссөздердің басты назарында ағымдағы жылдың күзінде Испания Корольдігінің Премьер-министрі Мариано Рахойдың Қазақстанға жоспарлап отырған ресми сапары тұрғысындағы мәселелер болады»,- деп атап өтті Алтай Әбибуллаев.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың бүгіні мен болашағы сарапталатын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!