Қарағанды облысында апатқа ұшыраған әскери МиГ-31 ұшағының командирі (марқұм) І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Фотография - Қарағанды облысында апатқа ұшыраған әскери МиГ-31 ұшағының командирі (марқұм) І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Қарағанды облысында апатқа ұшыраған «МиГ - 31 әскери ұшағының экипажы І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды.

196 0

Қарағанды облысында апатқа ұшыраған «МиГ - 31 әскери ұшағының экипажы І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталды. Награданы ҚР ҚР Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сорокин мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері қолбасшысы Алсай Жұманов тапсырды.

«Полковник Марат Едігеевті (марқұм) І дәрежелі «Айбын» орденімен, Руслан Галимзяновты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды», - деді ҚР Қарулы Күштері қолбасшылығының өкілдері марапаттау рәсімінде.

Сонымен бірге, Р.Галимзянов мерзімінен бұрын әскери авиация подполковнигі шенін алды. І дәрежелі «Айбын» ордені Марат Едігеевтің жесіріне тапсырылды. ҚР Қарулы Күштері қолбасшылығының өкілдері қаза болған ұшқыштың отбасына Астанадан пәтер беру мәселесі шешілетінін айтты.

«Экипаж ұшақтың елді мекеннің үстіне құлауына жол бермей, ерлік көрсетті, сөйтіп, бейбіт азаматтардың өмірін сақтап қалды», - деп атап көрсетті А.Сорокин. Апатқа экипаждың кінәсі жоқ, деп санайды ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері.

«Бүгінгі күні «қара жәшік» табылды, қазір жазылған параметрлердің шифрын ажырату жұмыстары жүргізілуде», - деді А.Жұманов.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 23 сәуірде 22.41-де жоспарлы түнгі оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде техниканың істен шығуынан МиГ-31Б ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж катапульта арқылы жерге түсті, бірақ та оның командирі полковник Марат Оразұлы Едігеев (50185-ші ә/б командирі) қаза болды, штурман майор Руслан Раифұлы Галимзянов орташа дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Бұл факті бойынша Орталық аймақ әскери прокуроры ҚР ҚК 392 бабында көзделген қылмыс белгілерімен (ұшыру немесе оған әзірлік ережелерінің бұзылуы) қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ мемлекеттік комиссия тағайындалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!