Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі ең үздік жоба деп танылды

Фотография - Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі ең үздік жоба деп танылды

Кеше Швейцарияның Женева қаласында WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының нәтижелері жария етілді.  Байқау ақпараттық қоғам  мәселелері  жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләмдік кездесу  Форумы шеңберінде өтті.

200 0

Кеше Швейцарияның Женева қаласында WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының нәтижелері жария етілді.  Байқау ақпараттық қоғам  мәселелері  жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләмдік кездесу  Форумы шеңберінде өтті. Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» категориясы бойынша ең үздік жоба  деп танылды. Байқауға әлемнің 64 мемлекетінің 280 жобасы қатысты.

www.elicense.kz – рұқсат беру құжаттарын  интернет арқылы алуға мүмкіндік беретін жүйе. Бұл жобаны жүзеге асыру идеясы  елімізде рұқсат беру құжаттарын реттеу мен қадағалау механизмі ретінде 2008 жылы  пайда болды. Жобаны іске асыру барысында рұқсат беру үдерістерін оңтайландыру  бойынша  ауқымды жұмыстар атқарылды.

Өткізілген түгендеу нәтижесінде мемлекеттік органдар талап ететін құжаттар тізімі 1035-тен  517-ге  қысқарды. Мемлекеттік органдардың 27 ақпараттық жүйелерін  өзара  ықпалдастыру  нәтижесінде талап етіліп келген 600 түрлі құжат қажет емес деп танылды. Сондай-ақ, рұқсат құжаттарын беру мерзімі де қысқартылды.

2012 жылғы  тамыз айынан бастап Қазақстанда лицензиялар 100% электрондық түрде беріле бастады. 2013 жылдың төрт айында 6 мыңнан астам лицензия электрондық түрде берілген.

WSIS - Ақпараттық қоғам  мәселелері  жөніндегі жоғары деңгейдегі бүкіләмдік кездесу (АҚМЖДБК). Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы бүкіл әлемнен жиналатын беделді IT-сарапшыларының диалог алаңына айналған ірі шаралардың бірі болып табылады. Көпжақты пікірталас  алаңында мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам мен жеке сектор өкілдері бас қосады.  Кездесу мақсаты – халыққа өзінің әлеуетін жүзеге асыруға, өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісуге  мүмкіндік беретін және  кез-келген азамат үшін қолжетімді ашық ақпараттық қоғамды қалыптастырудың негізгі мақсат-міндеттерін айқындау.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!