Назарбаевтың немересі үйленуге бел буды

Фотография - Назарбаевтың немересі үйленуге бел буды

Қазақстан Президентінің кенже немересі отбасын құрмақшы. Бұл туралы ҚазТАГ Назарбаевтар отбасы достарының сөзіне сүйеніп, хабарлап отыр.

583 0

Қазақстан Президентінің кенже немересі отбасын құрмақшы. Бұл туралы ҚазТАГ Назарбаевтар отбасы достарының сөзіне сүйеніп, хабарлап отыр. 

«Айсұлтан үйленемін деп шешті. Құдалық та өтті. Енді тойға дайындықты бастамақпыз. Келіннің атын әзірше айтпай-ақ қояйық. Бастысы өте тәрбиелі, ибалы қыз»,-деп мәлімдеді отбасы достары. Сондай-ақ, олар келіннің әкесі Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының бірін басқаратынын айтып отыр. 

23 жасар Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның Сандхерст құрылықтағы әскерлер королдік әскери академиясының түлегі болып табылады. Қазақстанға оралысымен ҚР сыртқы істер министрлігінің әскери барлау жүйесінде қызмет атқарған.

Англияда болғанында Айсұлтан англиялық «Портсмут», «Челси» футбол клубтарының жастар құрамасында ойнаса, Отанында «Астана» клубының запасында болған екен.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы бар. Олар Дариға, Динара және Әлия. Бүгінде Елбасы сегіз немере (Нұрәлі, Алтай, Айсұлтан, Венера, Дениз, Алиша, Тиара, Алсара) мен екі шөбере (Лаура мен Алан) сүйіп отыр.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!