Зеленов ауданында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шұғыл шаралар қолға алынды - БҚО

Фотография - Зеленов ауданында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шұғыл шаралар қолға алынды - БҚО

Зеленов ауданы Январцев ауылдық округінің Ж. (Жәрдемғали Жалмұқанов) есімді 57 жасар тұрғыны 8 мамыр күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына құтыру дертімен түскен болатын.

365 0

 Зеленов ауданы Январцев ауылдық округінің Ж. (Жәрдемғали Жалмұқанов) есімді 57 жасар тұрғыны 8 мамыр күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына құтыру дертімен түскен болатын.

Кейін анықталғандай,  аталған азаматтың иті наурыз айында түлкімен төбелескен. Соны біле тұра сәуірдің орта шенінде ауырып тұрған итін өзі емдемек болып әрекет еткен. Онысын өзі әскер қатарында болғанда кинолог қызметін атқарғандығымен байланыстырса керек. Ауырып қалған итін ветеринар маманға көрсетудің орнына «чумка» деген диагноз қойып, аузына арақ құйған. Сол кезде ызаланған иті қожайынын қауып алмасы бар ма. Итіне ашуланған қожайын көршісін шақырып, екеулеп итті өлтіріп, көң-қоқысқа көме салған.  Ал өзі дәрігерге жүгінбестен бейқам жүре берген. Ауруы әбден асқынған азамат Ж-ның жағдайы өте ауыр.

Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Арыстанғали Ярлыгасимовтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамы Кирсанов елді мекенінде тексеру жұмыстарын жүргізіп, төрт түлік пен үй жануарларына екпе жасаған. Арыстанғали Сәрсенғалиұлының айтуынша, ауруға шалдыққан азамат Ж-ның барлық дүние-мүлкі мен қора-қопсысы залалсыздандырылып, бақылауға алынған.  9-11 мамыр аралығында 353 бас ірі қара мен 614 бас қой-ешкі, 11 бас жылқы, 51 ит пен 25 мысыққа құтыруға қарсы екпе жұмыстары жүргізілген. Қаңғыбас 20 ит пен 22 мысық ауланып, арнайы орталыққа көзін жоюға жіберілген. Өлтірілген ит пен құтырған түлкінің де өлексесі зерттеу жұмыстарын жүргізуге жарамсыз деп танылып, көмілген көң-қоқысымен өртелген. Сондай-ақ әр үйді аралап, бұралқы иттер, дала жануарларымен байланыста болған тағы 13 адам Дариян аудандық ауруханасына емшара алуға жолданған.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!