Үкімет басшысы қолжетімді баспана бойынша салынатын үйлердің бағасын қайта қарауды тапсырды

Фотография - Үкімет басшысы қолжетімді баспана бойынша салынатын үйлердің бағасын қайта қарауды тапсырды

«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында салынатын үйлердің бір шаршы метрінің құны инфляция ескеріле отырып, қайта қаралуы тиіс.

234 0

«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында салынатын үйлердің бір шаршы метрінің құны инфляция ескеріле отырып, қайта қаралуы тиіс.

   Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«Құрылыс материалдарының бағасы өсуде. Сондықтан бұл бағаға біздің құрылысшылар келіспейді. Ертең сіздер шаршы метрін 88 мың теңгеден, яғни 600 доллардан кемге салатын құрылысшыларды нарықтан таппайсыздар. Бағаны инфляцияны ескере отырып, қайта қараңыздар. Біз өткен жылғы бағамен шектелудеміз. Ал, инфляция қалай болғанда да өз түзетуін енгізеді. Одан кейін құрылыс материалдарының қыста және қазіргі мезгілде  бағасы қанша болып отырғандығын қарау қажет»,-деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы қазақстандық ипотекалық компанияның басшысы Қайрат Әйтекеновке Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокинмен бірге сәйкесінше ұсыныс енгізуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысы барысында Қ. Әйтекенов «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында салынатын 4 санаттағы тұрғын үйлердің шаршы метрі өңірлерде 88 мың теңге, ал Алматы қаласында 125 мың теңге болатындығын айтқан еді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!