Маңғыстау мен ОҚО баспана салуға бөлінген қаржының бір тиынын да игермеген

Фотография - Маңғыстау мен ОҚО баспана салуға бөлінген қаржының бір тиынын да игермеген

 Бұл туралы бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп берген Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

126 0

Кезекке тұрып, жалға берілетін баспана алғысы келген Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін бүгін Үкімет отырысында қуанарлық жаңалық айтылмады. Себебі, аталмыш екі аймақ жалға берілетін тұрғын үй салуға бөлінген қаржының бір тиынын да игермеген. Бұл туралы бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп берген Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Республикалық бюджет есебінен салынатын тұрғын үйлерге қатысты жағдай мынандай: 2013 жылы кезекке тұрған азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға облыс әкімдіктері, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері үшін 17,5 млрд теңге мақсатты трансфеттер бөлінген. Қаржыландыру кестесіне сәйкес, 1 мамырдағы жағдайға үңілсек, жоғарыда айтылған қаржыдан 3,5 млрд теңге бөлінген, оның 2,9 млрд теңгесі игеріліп отыр. Бұл барлық қаржының 82 пайызы игерілді деген сөз. Ақтөбе облысы өзіне тиесілі қаржыны өте төмен көлемде игерген. Ал Маңғыстау облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы қаржыны мүлде игермеген», - деді С.Нокин.

Оның айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй салудың жылдық жоспары 285 мың шаршы метр болса, осы уақытқа дейін 25,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 427 пәтер пайдалануға берілді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!