Халқы 100 мыңнан аспайтын Қазақстандағы 23 қаланың Бас жоспары әзірленеді

Фотография - Халқы 100 мыңнан аспайтын Қазақстандағы 23 қаланың Бас жоспары әзірленеді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті.

153 0

Халқы 100 мыңнан аспайтын Қазақстандағы 23 қаланың Бас жоспары әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин мәлім етті.

С.Нокиннің айтуынша, бұлай істеуге баспана салу үшін кейбір өңірлердегі жер телімдерінің тапшылығы түрткі болып отыр екен.

«Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс корпорациясы, «Самұрық-Қазына» жылжылмайтын мүлік қоры жүргізген жұмыстардың барысында бірқатар өңірлерде үй салуға берілетін жер телімдерінің тапшылығы байқалып отырғаны анықталды. Осы жағдайдың шешімін табу үшін Үкімет тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдіктері Бас жоспарды әзірлеу кестесін, 2012-21015 жылдарға арналған ауылды елді мекендер мен қалалар салу жобаларын бекіткен. Алматы және Астана қалалары, сонымен қатар, халқы 100 мыңнан асатын облыс орталықтары мен басқа да қалалардың Бас жоспары бар екенін есепке алсақ, Бас жоспарды әзірлеу кестесіне 100 мыңнан аз адам өмір сүретін қалалар ілігіп оыр», - деді Агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, бас жоспарларды әзірлеу кестесіне сәйкес, елу мыңнан бастап 100 мыңға дейін халқы бар 23 қаланың Бас жоспары, 76 кенттің детальды жоспарлау жобасы, 26 қаланың құрылыс салу жоспары, халқы 50 мыңнан аз 149 кенттің бас жоспарымен қатар детальды жоспарлау жобалары әзірленеді.

«Қолға алынғалы отырған осы шаралар салынатын үйлердің санын арттырып, бағаларын арзандатуға ғана емес, жер телімдерін рұқсатсыз иемдену фактілерінің азаюына ла септігін тигізеді», - деп сендірді Серік Нокин.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!