Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің орынбасарларын қызметтен босатуды ұсынды

Фотография - Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің орынбасарларын қызметтен босатуды ұсынды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев құрылысқа,

258 0

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев құрылысқа,

  қаржының игерілмеуіне және мемлекеттік бағдарламалардың орындалмауына жауапты облыс әкімдерінің орынбасарларын қызметтерінен босатуды ұсынды.

Оның сөзіне қарағанда, ай сайын аталған тақырыпта селекторлық жиындар өткізіліп, тиісті қорытындылар жасалады. «Біз әкімдіктерге кінәлілерді әкімшілік түрде жауапқа тартуы үшін ұсыныс жасаймыз»,-деді министр.

Бұл тұрғыда Б. Сағынтаев құрылыс жұмыстарын уақытылы орындамаған бірқатар облыстық басқармалардың басшыларына сөгіс жарияланғанын жеткізді.

«Осыған байланысты Президент Әкімшілігі басшысының атына құрылысқа жауап беретін облыс әкімдерінің орынбасарларын қызметінен босату туралы ұсыныс енгізуді сұраймын»,-деп түйді ол.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!