Елорда жастардың сүйікті қаласы

Фотография - Елорда жастардың сүйікті қаласы

Бүгін Елордада Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты қалалық форум өтті.

217 0

Бүгін Елордада Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты қалалық форум өтті.


Аталған шарада Іскер жастар кеңесінің президенті Қайырболат Сахметов өз тағдырын ел тағдырымен сабақтастыра отырып, ойын былай жеткізді:

«Мен көп ғасырлық тарихы бар көне Оралда туғанмын, алайда біздің жас Астанамыз достық пейілді қалпымен әрі қуатымен маған туған қаламдай болып кетті. Бұл жерде республика үшін ғана емес, дүниежүзілік қауымдастық үшін де маңызы бар оқиғалар тұрақты өтіп жатады. Қазақстанның әрбір азаматы үшін Астана тұрақтылық пен өркендеудің, табыстылықтың бейнесі ретінде қабылданады.

Біздің әр қайсымыз әрқилы болғанымызбен, алайда әр қайсымыздың бір бөлшегіміз саналатын үйлесімді нәрсе бар. Ол – сүйікті Астанамыз! Бәріміз де оның жарқын, әдемі де күшті болғанын қалаймыз. Оған сіз бен біз болып күш салу арқылы қол жеткізе аламыз. Кез-келген салада, мейлі бизнес болсын, мемлекеттік құрылым ба, әлеуметтік немесе қоғамдық саладағы жұмыс болсын, тек қана оң өзгерістер мен жетістіктер – елдің тағдырын құрайтын әр түрлі адамдардың жұмылған жұдырықтай еткен еңбегінің арқасы»,– деді жастар белсендісі .

Форумға қатысушылардың назарына қаланың даму тарихы мен елорданың танымал тұлғаларын көрсеткен фотокөрме ұсынылды. Іс-шараның соңында спикерлер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!