Қазақстанда сауда министрлігін құру қажет

Фотография - Қазақстанда сауда министрлігін құру қажет

Алматыда өткен баспасөз мәжілісі барысында кәсіпкерлер Қазақстанда сауда министрлігінің немесе агенттігін құру қажеттігін атап өтті.

183 0

Алматыда өткен баспасөз мәжілісі барысында кәсіпкерлер Қазақстанда сауда министрлігінің немесе агенттігін құру қажеттігін атап өтті.

Сауда мен қызмет көрсету саласындағы Сауда кәсіпорындары мен Кәсіподақтар қауымдастығының (СККҚ) айтуынша, Қазақстан үкіметі осындай шешім қабылдаған жағдайда осы тақырыпта туындап жататын талай мәселелерді шешуге мүмкіндік туар еді.

«Қазір барлық кәсіпкерлер түрлі деңгейдегі күрделі жағдайлармен бетпе-бет жүздесіп жатады, сол себепті кәсіпкерлерге негізделген министрлік құру уақыт талабы. Кез келген кәсіпкер дамуды көздейді. Шағын дүкеннен әмбебап дүкенге, соңынан супермаркетке дейін өсу. Егер сенің бизнесің пайда әкелсе, заңды білмей, оны түрлі органдардың қыспағынан қалай қорғауға болады? Сол себепті біз жүгіне алатын арнайы органның болғаны дұрыс», - деді Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының мүшесі Назим Гусейнов.

Сауда саласындағы кәсіпкерлердің пайымынша, құрылған ведомство кәсіпкерлердің құқығын қорғап қана қоймай, нарық сұранысы мен ұсыныстар анализі мәселесін де оңтайлы шешіп берер еді.

«Бізде қандайда бір көкөністің нарықта қаншалықты сұраныста екенін де ешкім дөп басып айта алмайды. Бізде мынандай жағдайда болған, шаруа егін шаруашылығымен айналысқанда, оған «көбірек, көбірек» деп, кейін ол астығы өтпей, шіріп кетті. Бұл ненің қаншалықты қажет екенін білетін мамандардың жоқтығының кесірі. Есептеулер жүргізілмейді. Осы іс-әрекеттерді реттеп отыратын бірде-бір ведомство жоқ елімізде», - деді Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының президенті Нұрсадық Әбішев.

Бүгінгі күні экономикалық белсенді жалпы халықтың 14, 4%-ы нанын сауда саласында жұмыс істеп тауып жүр (1,06 млн.адам). Сарапшылардың бағалауынша, жұмыспен қамтылғандардың бейресми саны 2 млн адамға жетеді немесе 28%-ға тең. Сауда саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатындардың 54%-ын өзін-өзі жұмыспен қамтушылар құрайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!