Қазақстанда 60 мүмкіндігі шектеулі азамат өз бизнесін ашты

Фотография - Қазақстанда 60 мүмкіндігі шектеулі азамат өз бизнесін ашты

Қазақстанда байқауға қатысқан 60 мүмкіндігі шектеулі азамат өз бизнесін ашып, дамытуға гранттар алды.

178 0

Қазақстанда байқауға қатысқан 60 мүмкіндігі шектеулі азамат өз бизнесін ашып, дамытуға гранттар алды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры «Жұлдыздарға қара» республикалық қайырымдылық жобасының қорытындылары жайлы әңгімелеп берді.

2012 жыл ішінде Қазақстанның 14 аймағы мен республикалық маңызды Астана және Алматы қалаларынан мүмкіндігі шектеулі 136 кәсіпкер қатысты. Қазылар алқасы «Жұлдыздарға қара» байқауына бизнес-жобаларын ұсынғандардың арасынан 60 мүмкіндігі шектеулі азаматты таңдады, енді оларға өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтарға бизнесті дамыту үшін қажетті тауар мен техниканы алуға 100 мың теңгеден грант бөледі.

Қосымша 60 жеңімпаздың 13-і 150 мың теңгелік гран-приге ие болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!