Сенатқа зейнетақы туралы заң жобасына наразы хат тапсырылды

Фотография - Сенатқа зейнетақы туралы заң жобасына наразы хат тапсырылды

Сенат заң жобасын 16-мамырда пленарлық отырысында талқыға салмақ.

300 0

Сейсенбіде бір топ белсенді парламент сенатына зейнетақы жүйесі туралы жаңа заң жобасына наразылық білдіріп, 30 мыңға тарта адамның қолы қойылған хат тапсырды.

Азаматтық белсенді Айтқожа Фазыловтың айтуынша, хатта белсенділер сенат депутаттарын әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтатын заң жобасын мақұлдамауға шақырған. "Хатқа қол қойғандар - Қарағанды мен оның маңындағы қалалардың және Жезқазғанның тұрғындары" дейді ол.

Фазылов хатта заң жобасы қабылданса онда "елдегі әйелдердің жағдайы нашарлап, бала туу азаятыны, жастар арасында жұмыссыздық артып, Ресейге қоныс аударушылар саны көбейетіні" туралы ескертілгенін айтады. 

24-сәуірде мәжіліс "Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасы мен оған енгізілген түзетулер туралы ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдаған еді. Құжатта әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдан бастап 10 жыл ішінде жылына жарты жылға ұлғайтып, қазіргі 58 жастан 63 жасқа дейін жеткізу қарастырылған.

Сенат заң жобасын 16-мамырда пленарлық отырысында талқыға салмақ.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!