Астанада «Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының қорытынды құжаты» тақырыбына арналған онлайн-конференция өтеді

Фотография - Астанада «Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының қорытынды құжаты» тақырыбына арналған онлайн-конференция өтеді

2013 жылдың 23-24 мамыр күндері алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы (ДҚДК) ұйымдастырылады.

167 0

2013 жылдың 23-24 мамыр күндері алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы (ДҚДК) ұйымдастырылады. Конференцияға қатысушы барлық  мемлекеттердің қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып және демократиялық ұстанымдарға негізделіп, БҰҰ үшін Дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеу көзделеді. Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы әлемдік қаржы жүйесінің мәселелерін қарастыруға арналады. Талқылау барысында әлемдік экономиканы дамыту жайлы ұсыныстар қаралады.

Конференция қарсаңында 2013 жылдың 15 мамырында сағат 19:30-да (Астана уақыты бойынша) Астанадағы «Медиа сити» студиясында G-global алаңында  (www.group-global.org)  «Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының қорытынды құжаты» тақырыбына арналған онлайн-конференция өтеді. Онлайн-конференция барысында қатысушылар«Еуроаймақтағы жұмыссыздық пен ретке келтіру онжылдығы: саяси және экономикалық өлшемдері», «Ақша-несиелік саясатты бағалау мен оның жаһандық қаржы тұрақтылығына тигізетін әсері» және «Өтпелі кезеңдегі әлемдік нарық капиталы: қаржы әлеміндегі өзгеріс пе?»  атты ДҚДК тақырыптарын талқылайды.

Онлайн-конференцияға қазақстандық өкілдер және онлайн режимінде шетелдің ғалымдары қатысады. Атап айтқанда:  онлайн режимінде Доминго Кавалло –Йель  университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, Майл Канз – БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Свен Алкалай мырзаның өкілі, Марк Узан-Бреттон Вудс жаңартылу  комитетінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры, Сухаил Сами Султан- Палестина Республикасы білім министрлігінің кеңесшісі қатысса,  қазақ елі тарапынан «Медиа сити» студиясында тақырыпты Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының қорытынды құжаттарын дайындау бойынша жұмыс тобының жетекшісі Айгүл Тоқсанова, Астана экономикалық форумының қорытынды құжаттарын дайындау бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Жамиля Бопиева және «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы»  Қауымдастығының вице-президенті Мақсат Курбенов талқылайтын болады. 

Анықтама: Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясына (ДҚДК) БҰҰ-ның орталық банк өкілдері мен әр мемлекеттің қаржы,  экономика министрлері қатысады. Қазіргі таңда 80 мемлекет пен 10 шақты ірі  халықаралық ұйымдардың ресми өкілдері, соның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДСҰ, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі, Еуразия экономикалық бірлестігі, Түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесі Одағы,  сонымен қатар  Бреттон-Вудс жаңартылу комитеті өкілдері  конференцияға қатысатындықдарын жеткізді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!