МӘЖІЛІС МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТУ БОЙЫНША ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ

Фотография - МӘЖІЛІС МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТУ БОЙЫНША ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ

Астана, 15 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. 

239 0

Жаңа енгізілім жергілікті атқарушы органдар қызметін тиімді үйлестіру үшін орталық атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, аумақтарды дамыту ерекше назарда.

Депутаттар сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, халықтың көші-қоны, ішкі істер органдарына қатысты да ұсыныстар енгізді. 

Сонымен бірге, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, Бюджет және Су кодекстері мәселелері де  назардан тыс қалған жоқ.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!