БҰҰ Пхеньянға қарсы санкцияға қазақстандықты да қоспақ

Фотография - БҰҰ Пхеньянға қарсы санкцияға қазақстандықты да қоспақ

Бұл туралы БҰҰ сарапшылары дайындаған арнайы баяндамаға сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлайды.

213 0

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сарапшылары Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты санкция салынатын адамдар тізіміне қазақстандық азаматты да қоспақ. Бұл туралы БҰҰ сарапшылары дайындаған арнайы баяндамаға сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлайды.

БҰҰ сарапшылары Солтүстік Кореямен қару-жарақ саудасын жасасуға қатысы бар деген күдікпен үш мекеме мен 12 адамға қарсы санкция салуды ұсынған. Олардың қатарында қазақстандық Александр Зыков пен украиналық үш азамат бар. Қалған тоғызы - Солтүстік Корея азаматы.

Баяндамада Солтүстік Кореяға салынған санкциялардың Пхеньянның ядролық және баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламасын тоқтата алмағаны айтылады. "Бірақ соған қарамастан, санкциялар, қару-жарақ эмбаргосы және басқа да шектеулер бағдарламаның орындалу мерзімін біршама кешеуілдетті делінген" баяндамада.

БҰҰ Солтүстік Кореяға ядролық қару жасауы мүмкін деген қауіппен ядролық және баллистикалық зымырандар ұшыруға, сынауға тыйым салған еді. Пхеньян 2006, 2009 жылдары екі рет және биыл ақпанда үшінші мәрте ядролық сынақ жасаған.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!