Елімізде әрбір екінші сот шешімі орындалмай отыр

Фотография - Елімізде әрбір екінші сот шешімі орындалмай отыр

Жыл сайын елімізде әрбір екінші сот шешімі орындалмай отыр.

162 0

Жыл сайын елімізде әрбір екінші сот шешімі орындалмай отыр.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, атқарушылық іс жүргізу саласындағы дағдарыстың басты себептерінің бірі стратегиялық, тұжырымдамалық, құқықтық қателіктер болып табылады. «Бұл негізінен сот актілерінің орындамауды онша ауыр емес қылмыстық санатқа жатқызудан туындап отыр. Қоғамдық қауіпсіздікте аталған қылмыстық салдар есепке алынбауда. Сондықтан да, әділдік және жазаны жекелендіру ұсынымы өрескел бұзылады», дейді Д. Құсдәулетов.

Оның сөзіне қарағанда,  қолданыстағы Қылмыстық кодексте орташа ауыр қылмыстары үшін үш жылға дейін жаза белгіленген. «Ал  келтірілген шығынды өндіру тәртібінде жүздеген миллиондаған теңге өндірілетін сот актілерін орындамау әрекеті жеңіл қылмыс санатына жатқызылған. Борышкерлерге қылмыстық процессуалдық әсер етудің қолданыстағы тетігі толық іске аспай отыр. Сондықтан да, сот билігінің ғана емес жалпы мемлекеттің беделі түсуде», деді Әділет вице-министрі.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!