МӘЖІЛІС ЖАҢА ЗАҢНАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Фотография - МӘЖІЛІС ЖАҢА ЗАҢНАМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығында өткен жалпы отырыста  депутаттар бірқатар жаңа заңнамаларды мақұлдады

111 0

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығында өткен жалпы отырыста  депутаттар бірқатар жаңа заңнамаларды мақұлдады.

Депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты заң жобаларын қарастырды.

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында сот орындаушыларының құқы мен борышкерлердің жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Заң жобасының мақсаты атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, сот орындаушыларына борышкерлерге әсер етудің нақты тетіктерін беру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою, заңды күшіне енген сот актілерінің абсолютті түрде орындалуына қол жеткізу болып табылады.

Заң жобасын талқылауды қорыта келе Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Біз сот орындаушылардың өкілеттіктерін күшейткен кезде, олардың борышкерлерге де ықпалының артатынын ескеруіміз керек. Сондықтан бұл жерде шаш ал десе, бас алатын жағдай болып кетпесін. Әрбір нақты жағдайдың артында адам тағдыры  тұрғанын ешқашан естен шығармау керек және сот орындаушы өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен биліктің абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс. Сондықтан, әрбір жағдай әділетті шешілу үшін мықты заңнамалық база қажет»,- деп атап өтті.

Бүгінгі жалпы отырыста  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты акті екінші оқылымда мақұлданды.

Жаңа заңнамалық нормалар аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарын өткізу тәртібін нақты регламенттеу арқылы халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға бағытталған.

Жаңалық сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыдан түсетін түсімдер арқылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің қаржылық дербестілігін нығайтуды қарастырады.

Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын және жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін тиімді пайдалану бойынша жергілікті қоғамдастықтың мониторинг жүргізу тәртібін нақтылайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!