Кедендік одақта Қазақстанның экспорты артып келеді

Фотография - Кедендік одақта Қазақстанның экспорты артып келеді

Бүгінде Кедендік одақ аймағында Қазақстанның экспорты өсіп, импорты төмендеп келеді.

123 0

Бүгінде Кедендік одақ аймағында Қазақстанның экспорты өсіп, импорты төмендеп келеді.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, қаңтар-наурыз айларында Кедендік одақ ішіндегі өзара сауда-саттықтың жалпы көлемі 5 млрд. 112 млн. долларды құрады. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 5 пайызға төмен. «Соған қарамастан, Кедендік одақта Қазақстанның экспорты 4,6 пайызға өсіп, 1 млрд. 649 млн. долларға көтерілді. Ал импорт 8,8 пайызға азайды. Бүгінде ол көрсеткіш 3 млрд. 462 млн. долларды құрап отыр. Демек, одаққа мүше елдермен жүргізіп жатқан өзара сауда-саттық саласында біз үшін оң өзгеріс байқалып жатыр. Экспорт өсіп, импорт төмендеп келеді», - дейді Ә.Смайылов.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!