Атырауда үздік инновациялық жобаға үш миллион теңге тігілді

Фотография - Атырауда үздік инновациялық жобаға үш миллион теңге тігілді

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалы, жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі «Инновациядан - дамуға!» атты Атырау облыстық инновациялық жобалар байқауын жариялады.

199 0

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалы, жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігі «Инновациядан - дамуға!» атты Атырау облыстық инновациялық жобалар байқауын жариялады.

Облыс көлемінде осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған инновациялық жобалар байқауының ашылуына орай «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында арнайы  брифинг өтті. Жастар қоғамдық ұйымдарының төрағалары, жұмысшы жастар мен белсенді студенттер қатысқан брифингте «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов сөз алып, байқаудың негізгі шарттары мен басты мақсатын таныстырды.

«Біз ұйымдастырып отырған байқаудың діттегені, біріншіден, жастардың  инновациялық іскерлігін дамыту, қоғамдағы белсенділігін арттыру және жастарды жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Байқауға әртүрлі меншіктегі ұйымдар, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Ең бастысы, ынта мен қоғамға пайдасы тиетіндей құнды жоба болуы тиіс», - деген ол жобалардың 15 маусымға дейін қабылданатындығын, үздік жоба иесін облыстық әкімшіліктен бөлінген үш миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық күтіп тұрғанын мәлімдеді.

Байқауға, сондай-ақ, экология, мұнай-химиялық өндірісі, әлеуметтік сала, қоғамдық-саяси, мәдениет, байланыс және ақпарат технологиясы сынды басқа да салалар бойынша жобалар қабылданады. Брифинг барысында, әсіресе, ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлерді дамыту бағытындағы жобалар басты назарға алынатындығы, ол үшін ауылдық жерлерге байқау жайында ақпарат кеңінен  таратылуы керектігі де баса  айтылды.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!