Қазақстанда «E-Islam» ақпараттық сайты ашылады

Фотография - Қазақстанда «E-Islam» ақпараттық сайты ашылады

Қазір «E-Islam» ақпараттық ғаламтор сайтын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

221 0

Қазір «E-Islam» ақпараттық ғаламтор сайтын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың брифингісіне қатысқан ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлім етті.

«Қазір «E-Islam» ақпараттық ғаламтор сайтын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл сайт халықтың дінге сенуші немесе дінге қызығушылық танытушы бөлігінің дәстүрлі исламның рухани-мәдени құндылықтарына қызығушылығын арттыруға, руханият пен мәдениеттің қазақы дәстүрлерін насихаттауға, сондай-ақ деструктивті сипаттағы дәстүрлі емес исламдық ағымдардың идеялары мен қызметінің таралуына жол бермеуге бағытталады», - деді Қайрат Қайырбекұлы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!