Бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады

Фотография - Бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады

Бүгін ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

170 0

Бүгін ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге артады.

Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталмақ.

Жақын тәуліктер ішінде оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың және шығыстың таулы өзендерінде судың көлемі ауытқиды. Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары орналасқан аумақта ағынның реттелуіне байланысты судың көлемі құбылады. Еліміздің басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!