Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдылығын бұзған Орал қаласы әкімдігінің бөлім басшысы қызметінен босады

Фотография - Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдылығын бұзған Орал қаласы әкімдігінің бөлім басшысы қызметінен босады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің ұсынысына сәйкес Орал қаласы әкімінің өкімімен қалалық әкімдіктің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы Төлеген Шаиков қызметінен босатылды.

303 0

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Т.Шаиков А.Ларин мен «Универсал-Реклама» ЖШС-ының жер телімін алуына негізсіз кедергі жасаған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кірерде коммерциялық нысанды сенімді басқаруға бермей, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Осыған байланысты материалды Орал қаласының прокуратурасы тәртіптік кеңестің қарауына берген болатын. Т.Шаиков «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның 10-бабы 1, 5, 6-тармақшасы, 12-бабы 1-тармағы 8 және 12-тармақшасына сәйкес қызметімен қош айтысты.

Тегтер:

Орал

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!