Экономикалық қылмыстарға жауапкершілік жеңілдетіледі

Фотография - Экономикалық қылмыстарға жауапкершілік жеңілдетіледі

Бүгін Сенатта осындай қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасы қаралды.

242 0

Экономикалық қылмыстарға жауапкершілік жеңілдетіледі. Бүгін Сенатта осындай қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасы қаралды.

Сенат депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Заң жобасын қабылдады.

Заң жобасы үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін бірқатар экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтуға бағытталған. Мысалы, заң жобасының ережелерімен төмендегі мәселелер көзделген:

- қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздерін тарылту жолымен ішінара қылмыстық сипаттан арылту;

- депенализация, яғни қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын жеңілдету, оның ішінде: бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны алып тастау; бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бас бостандығын шектеумен ауыстыру; бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның жоғарғы шегін төмендету; бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен байланысты емес баламалы жаза түрлерін (қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу) бекіту арқылы санкцияларды оңтайландыру жолын ұсыну;

-қылмыстық кодекстің экономикалық қылмыстар туралы нормаларын жетілдіру;

-әкімшілік перидицияны қолдану саласын кеңейту.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!