Адамдардың ұзақ өмір сүруіне ешкім де кінәлі емес

Фотография - Адамдардың ұзақ өмір сүруіне ешкім де кінәлі емес

Заң жобасының басты мақсаты қаражат үнемдеу дегенге мен келіспеймін, бұл жалған

194 0

Адамдардың ұзақ өмір сүруіне ешкім де кінәлі емес. Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко осылай мәлім етті.

«Заң жобасының басты мақсаты қаражат үнемдеу дегенге мен келіспеймін, бұл жалған. Мен бүгінгі жүйе құрдымға кетеді дегенмен де келіспеймін, тек бұл жүйені жаңғырту жұмыстары ғана жүзеге асып жатыр. Мұны министр дұрыс айтты. Жалпы адамдардың ұзақ өмір сүруіне ешкім де кінәлі емес. Сондай-ақ «бэби бум» толқынына дөп келгендердің бүгінгі уақытта зейнетке шығып жатқанына да ешкім кінәлі емес. Сол толқынға осы залда отырғандардың басым бөлігі жатады деп ойлаймын», деген Ұлттық банк төрағасы алдағы онжылдықта зейнеткерлер саны одан сайын арта түсетінін атап өтті. Заң жобасы осыдан туындайтын проблемаларға ертерек қамдануға бағытталған.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!