Президент немересінің қалыңдығына сырға салуға өзі барды

Фотография - Президент немересінің қалыңдығына сырға салуға өзі барды

Айсұлтан Назарбаевтың үйленуі туралы хабар осыдан бірер күн бұрын жарияланған еді. Жастар тойға дайындалу үстінде.

273 0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтанның үйлену тойына байланысты дайындықтарға атсалысуда. Ол құдалыққа қатысып, немересінің қалыңдығының құлағына сырға салды.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, 23-жасар Айсұлтан Назарбаев өмірінің жол серігі ретінде қазір Лондонда білім алып жүрген 20-жасар Әлима Боранбаеваны таңдады.

Әлиманың әкесі -  “ҚазРосГаз” ЖШС -ның бас директоры Қайрат Боранбаев. Ал қалыңдықтың атасы - белгілі қазақ актері - Әнуар Боранбаев.

Әнуар Боранбаев(1948 ж.т., Қостанай обл. Амангелді ауданы — 1999, Алматы) —  Қазақстанның халық артисі (1998). Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болды. Ол сондай-ақ бірнеше отандық кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады.

Арқалықта (Торғай облысының бұрынғы орталығы) актердің есімі ағайындылар Боранбаевтар қайтадан жөндеуден өткізген кинотеатрға берілді.

Айсұлтан Назарбаевтың үйленуі туралы хабар осыдан бірер күн бұрын жарияланған еді. Жастар тойға дайындалу үстінде.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!