Солтүстік Кореямен қару саудасына қатысым жоқ

Фотография - Солтүстік Кореямен қару саудасына қатысым жоқ

БҰҰ Солтүстік Кореямен контрабандалық қару-жарақ саудасына қатысы бар деген күдікпен санкция салмақ болған қазақстандық Александр Зыков өзінің "кінәсіз" екенін мәлімдеді.

114 0


БҰҰ Солтүстік Кореямен контрабандалық қару-жарақ саудасына қатысы бар деген күдікпен санкция салмақ болған қазақстандық Александр Зыков өзінің "кінәсіз" екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол "Время" басылымына берген сұхбатында айтқан.

Газет веб-сайтында жарияланған мақалада ол: "Бұл - бос сандырақ. Қолымда бұл іске (контрабандалық қару саудасы - Азаттық) қатысым жоғын және кінәсіз екенімді дәлелдейтін барлық құжаттарым бар. Егер расымен жанжал туып жатса, сотқа жүгінуге мәжбүр болам" деген.

Ол қазір авиация саласында жұмыс істемейтінін айтқан.

Сейсенбіде Reuters агенттігі БҰҰ Солтүстік Кореяға қатысты контрабандалық қару саудасына қатысы бар деген себеппен қазақстандық Александр Зыковқа да санкция салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!