Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фотография - Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Бейсембай Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.  

199 0

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары болып Бейсембай Жұмабеков тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.  

 

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен осы қызметке Бейсембай Жұмабеков тағайындалды», - делінген хабарламада.

 

Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлы 1964 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданы «Шахтер» селосында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ал 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тамамдады. Біліктілігі бойынша педагог және экономист.

2005 жылдың маусым айынан «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі.

Кеңес армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

Еңбек жолын 1981 жылы Нұра ауданының Балықтыкөл кеңшарында әр түрлі жұмысшы болып бастады.

Қарағанды мемлекеттік университетінде еңбек істеді.

1993 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қалалық әкімшілігінің аппаратыда еңбек етті. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесінің бас инспекторы, бөлім бастығы, Хатшылығының меңгерушісі болды. 2002 жылдан бастап Қарағанды облысының ішкі саясат департаментінің директоры қызметін атқарды.

2006-2007 жылдары «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2007 жылдың қыркүйегінде Қарағанды облыстық мәслихатының IV шақырылымы Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болып, ал 2012 жылғы қаңтарда екінші мерзімге Қарағанды облыстық мәслихатының V шақырылымының хатшысы болып сайланды.

«Құрмет» ордені (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтой медальдарымен марапатталған.

Үйленген. Екі баласы бар.


Тегтер:

қарағанды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!