Бүгін Aстанада отандық ең үздік стартап жобалар марапатталды.

Фотография - Бүгін Aстанада отандық ең үздік стартап жобалар марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары өз идеяларын іске асыруға ақшалай қолдаумен қатар өзінің бизнесін қалай құру керектігі жөнінде оқытудың бірегей мүмкіндігін алады. Конкурсты ұйымдастырушы ретінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауына ие болған инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры бастамашы болды.

506 0

Конкурстың жеңімпаздары өз идеяларын іске асыруға ақшалай қолдаумен қатар өзінің бизнесін қалай құру керектігі жөнінде оқытудың бірегей мүмкіндігін алады. Конкурсты ұйымдастырушы ретінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауына ие болған инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры бастамашы болды.

Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы ең үздік идеялар жөніндегі ұлттық конкурс өткен жылғы қараша айында басталған еді, ал қорытындысын биылғы сәуір айында жасап үлгерді. Құрамында ҚР ККМ-нің, «Кселл» АҚ-ның, «КаР-Тел» ЖШС-нің өкілдері бар сараптамалық комиссия Қазақстанның бірнеше өңірлерінен түскен 165 өтінімді қарап шықты. Мамандар конкурсқа түскен жұмыстарды бизнес-шешімнің сұранысқа иелігі, бәсекелестік бойынша артықшылығы, коммерциялық әлеуеті және ұсыныстарды әзірлеушілер командасының біліктілігін ескеріп бағалады. Қорытындысында ең үздік 4 стартап жоба іріктеліп алынды.

1. E-queue – электрондық кезек қызметін көрсету жөніндегі онлайн сервис;

2. SHOPPY.KZ – фулфилмент қызметін қоса көрсететін әлеуметтік шоппинг порталы (дәстүрлі дүкендерді толық сүйемелдеуді ұйымдастыру)

3. BARAKAT MENU – қоғамдық тамақтандыру орындарының иелеріне сервис жасау; өзіне өзі электрондық қызмет көрсету жүйесі, мобильді құрылғылардағы сандық мәзір;

4. AION CONNECT – WebRTC технологиясының негізінде IP телефониясының сервисі.

Жеңімпаз командалар өз идеяларын іске асыруға жол ашатын ақшалай сыйақы алумен қатар, ең бастысы шетелдік үздік мамандардан дәріс алуына мүмкіндік туады. Бұл конкурс биылғы жылы тұңғыш рет өткізіліп отыр, ал келешекте жыл сайын өткізілетін болады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!